В Алматы стартовал республиканский конкурс «LEADER TOPIQ - 2025»
Алматыда республикалық «LEADER TOPIQ - 2025» байқауының ашылуы өтті.
Бес жылдық тарихы бар байқау білім беру саласындағы жаңашылдар мен жасампаздарды біріктіреді!
«Алматыкітап баспасы» жыл сайын TopІQ.kz платформасындағы электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланатын үздік мамандарды анықтау мақсатында «LEADER TOPIQ» республикалық байқауын тұрақты түрде ұйымдастырады.
Бұл байқау бес жыл ішінде цифрлық білім беруді дамытуға мүдделі педагогтер мен жаңашылдарды біріктіретін алаңға айналды. Байқауға мұғалімдер, кітапханашылар, әдіскерлер, білім тақырыбында жазатын журналистер, колледж және ЖОО оқытушылары, студенттер мен мектеп оқушылары қатысады. Жыл сайын 500-ден астам үміткер өтінім беріп, жеңімпаздар Тамыз конференциясы аясында дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталады.
Биылғы жыл – ерекше. Байқау өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтеді! Осыған орай ашылу салтанаты «TOPIQ-пен TOP-та бол!» республикалық челленджімен басталды. Оған еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының педагогтері мен оқушылары қатысады.
Шараның тағы бір ерекшелігі – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интеллектуалдық ассистент «Qamqor» анимациялық кейіпкерге айналды. Ол TopIQ.kz платформасында білім беру процесін жеңілдетуге арналған қызметтері туралы айтып берді.
Шараға білім беру саласына қызығушылық танытқан педагогтер, ата-аналар, білім беру мекемелері мен БАҚ өкілдері қатысты!
В Алматы стартовал республиканский конкурс «LEADER TOPIQ - 2025».
Конкурс, который объединяет педагогов и новаторов образования, отмечает 5-летний юбилей!
Издательство «Алматыкітап баспасы» ежегодно проводит республиканский конкурс «LEADER TOPIQ», направленный на выявление лучших практик использования электронных учебников на платформе TopІQ.kz.
За эти годы конкурс превратился в сообщество педагогов, новаторов и энтузиастов цифрового образования, объединенных стремлением к развитию. В нем участвуют учителя, библиотекари, методисты, журналисты, преподаватели колледжей и вузов, студенты и школьники со всех регионов Казахстана. Ежегодно конкурс собирает более 500 участников, а победители получают дипломы и денежные призы в рамках Августовской конференции.
Открытие «LEADER TOPIQ – 2025» стало по-настоящему ярким событием!
В этом году старт конкурса прошел в формате республиканского челленджа-поздравления «TOPIQ - мен TOP-та бол!» — победители прошлых лет вышли в прямой эфир и передали свои пожелания новым участникам.
Еще одна изюминка мероприятия оживший виртуальный помощник «Qamqor» — интеллектуальный ассистент на базе искусственного интеллекта, встроенный в платформу TopIQ.kz. Он предстал в виде анимационного персонажа и рассказал о своих возможностях.

