В Алматы прошла презентация нового романа Гузель Яхиной «Эйзен»!
«ЭЙЗЕН» романының тұсаукесері өтті!
Алматыда кино тарихындағы ең жұмбақ тұлғаның бірі – Сергей Эйзенштейн туралы жаңа романның тұсаукесері өтті.! «Алматыкітап баспасы» қазақстандық оқырмандарға Гузель Яхинаның көптен күткен жаңа кітабы – «Эйзен» романының ресми таныстырылымын ұйымдастырды. .Роман ұлы режиссер, жаңашыл, киноиллюзия шебері Сергей Эйзенштейнге арналған. Оның шығармашылығы аңызға айналды, образдары дәуірлерді артқа тастап өмір сүрді, ал өзі жұмбақ күйінде қалды: ол шын мәнінде кім болды – кемеңгер суреткер ме, мүмкін манипулятор болар, бәлкім бүлікші шығар, әлде стратег пе? Міне дәл осы шығарма ұлы режиссердің өмірімен шығармашылығына жаңаша көзқараспенқарауға мүмкіндік береді. Негізгі ерекшелік– Қазақстан мен Эйзенштейн арасындағы байланыс! Романда соғыс жылдарындағы Алматының ерекше рөлі баяндалған.
Кеңес өкіметінің әйгілі «Мосфильм» мен «Ленфильм» студиялары Алматыға эвакуацияланған шақта, сол кезеңгі кино әлемінің ең кемеңгер тұлғасы атанған Сергей Эйзенштейн өз шығармашылығының жаңа белесіне көтеріледі. Алматыда жаңа идеялар туындап, шедеврлер жасалып, киноның болашағы туралы қызу пікірталастар өрбіді. Дәл осы қалада Сергей Эйзенштейн «Иван Грозный» фильмін түсіріп, Алматы оның тағдырында өшпес із қалдырды.Таныстырылымда оқырмандар Гузель Яхинамен тікелей жүздесіп, кітаптың жасалу тарихы мен оның астарлы мағынасын талқылауға, кино және әдебиет әлемінің байланысын зерттеуге мүмкіндік алды.
В Алматы прошла презентация нового романа Гузель Яхиной «Эйзен»!
Издательство «Алматыкітап баспасы» презентовали для казахстанских читателей новый роман Гузель Яхиной «Эйзен».
Презентация состоялась 28 марта в 11:00 в Доме книги имени Абая. Роман посвящён Сергею Эйзенштейну – великому режиссёру, новатору, мастеру киноиллюзий. Его творчество стало мифом, его образыпережили эпохи, а сам он остался загадкой: кем он был на самом деле – гениальным творцом или манипулятором, бунтарём или стратегом?
Особое место в книге занимает Казахстан. В годы войны Алматы стал вторым домом для кинематографистов эвакуированных студий «Мосфильм» и «Ленфильм». Вместе с ними здесь работали Эйзенштейн и другие мастера кино. В Алматы рождались новые идеи, создавались шедевры, спорили о будущем кино. Здесь Сергей Эйзенштейн снимал свой фильм «Иван Грозный», а сам город оставил след в его судьбе. Презентация стала уникальной возможностью встретиться с Гузель Яхиной, обсудить роман и погрузиться в историю кино и атмосферу книги.

